Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 385 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 наурызда № 5983 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 43 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облыстық мәслихатының 17.05.2021 № 43 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексiнің 576-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3349 тіркелген, 2011 жылғы 6 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің 1 - тармағындағы "1.3.6." сандары "1.1" сандарымен ауыстырылсын;

      шешімнің қосымшасындағы 6 - тармақтың 1.1) тармақшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Т. ЕСЕНҒҰЛОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

  2019 жылғы 1 наурыздағы № 385 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша
  2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізу

р/с

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель (Гбк) үшін

1.1

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,19



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады