Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 12.11.2021 № 79 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 251 "Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 234 "Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы"" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6381 тіркелген, 2019 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі тақырыбында:
"от 14 мая" сөздері "от 14 мая 2019 года" сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
К. Табынбаева |
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Турлыбаев |