Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 234 "Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 251 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 қыркүйекте № 6381 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 61 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 15.09.2021 № 61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 31.10.2019 № 262 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030 тіркелген бұйрығына, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 77 "Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4275 тіркелген қаулысына және және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 234 "Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6149 санымен тіркелген, 2019 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген орыс тіліндегі шешімнің кіріспесінде:

      "Об утверждении Методики расчета тарифа на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов" сөздері "Об утверждении Методики расчета тарифа на сбор, вывоз, утилизацию, переработку и захоронение твердых бытовых отходов" сөздерімен ауыстырылсын;

      шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
А. Жумабаев
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев

  Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы "11" қыркүйектегі № 251 шешіміне 1 қосымша
  Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы "14" мамырдағы № 234 шешіміне 1 қосымша

Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1 есеп бірлігіне тиесілі жылдық норма м³

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,55

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,52

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,44

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,32

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,52

6

Емханалар

1 келіп кету

0

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,7

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,19

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,78

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,13

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,08

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,013

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,026

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,39

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

0,7

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,05

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

0,026

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

0,13

21

Жағажайлар

жалпы алаңы 1 м2

0

22

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,17

23

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,43

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,96

25

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0

26

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,69

27

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,12

28

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

0,2

29

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

1,17

30

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

0,05

31

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0

32

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

0

  Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы "11" қыркүйектегі № 251 шешіміне 2 қосымша
  Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы "14" мамырдағы № 234 шешіміне 2 қосымша

Байғанин ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Тариф (ҚҚС қоспағанда) (теңге)

Жинау, әкету

Көму

Кәдеге жарату, қайта өңдеу

Барлығы

Жайлы емес үйлер (1 тұрғын)

65

0

0

65

Жайлы үйлер (1 тұрғын)

0

0

0

0

Жеке және заңды тұлғаларға (1 м³)

1233,61

998,14

0

2231,75

Жеке және заңды тұлғаларға (1 тонна)

0

1090,36

0

1090,36

      Ескерту: ҚҚС – қосымша құн салығы;

      м³ – текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады