Байғанин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 79 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 қарашада № 25275 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 251 "Байғанин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 мамырдағы № 234 "Байғанин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 31 қазандағы № 262 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6447 тіркелген) шешімі;

      2) "Байғанин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 352 "Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 18 "Байғанин ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 25 тамыздағы № 363 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7373 тіркелген) шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Копжасаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады