Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 24.05.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 2-8-05/04 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің Дияр ауылында орналасқан "Айдос" шаруа қожалығының аумағында түйелер арасынан құтырық ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Миялы ауылдық округінің әкімі | И. Мәнібаев |