Шектеу іс-шараларын алу және Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 мамырда № 6185 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 2-8-05/75 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің Дияр ауылында орналасқан "Айдос" шаруа қожалығының аумағында түйелер арасынан құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралары жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5987 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 наурызда "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 10.11.2020 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Миялы ауылдық округінің әкімі И. Мәнібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады