Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 наурызда № 5987 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 24.05.2019 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 8 қаңтардағы № 2-8-05/04 ұсынысы негізінде, Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин ауданы Миялы ауылдық округінің Дияр ауылында орналасқан "Айдос" шаруа қожалығының аумағында түйелер арасынан құтырық ауруы анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Миялы ауылдық округінің әкімі И. Мәнібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады