Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің Қарғалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 29-20-5-23/275 хатының негізінде, Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 7 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-169 тіркелген, 2018 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауданының әкімі | А. ДЖУСИБАЛИЕВ |