Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 7 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Қарғалы аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 20 шілдеде № 3-6-169 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің 13.12.2019 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 15 бабы 3 тармағының 16), 17) тармақшаларына, 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, аудандық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2018 жылғы 17 шілдедегі хаттамасы негізінде, Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарғалы ауданы Бадамша ауылында өндірістік апат салдарынан ІІ көтерілімдегі сорғы станциясы мен тазарту имараттарының электроэнергиялық жүйелерінің істен шығуына байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Аудандағы азаматтық қорғаудың барлық қызметтері тәуліктік жұмыс режиміне келтірілсін.

      3. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (А. Утегенов) су сорғыш қозғалтқыштарының техникалық сипаттамасы мен құнын анықтасын.

      4. Аудандық қаржы бөлімі (Ш. Қасымова), аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А. Елтаева) ауданның төтенше жағдайлар резервінен қаржы қаражаттарын бөлсін.

      5. "Бадамша-Сервис" КМК директоры (М. Усманов) жаңадан алынған су сорғыш қозғалтқыштарын қысқа мерзімде және сапалы іске қосуды қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Блиевке жүктелсін.

      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р. Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады