Қарғалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 7 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 6554 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің Қарғалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 31 шілдедегі № 29-20-5-23/275 хатының негізінде, Қарғалы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарғалы ауданы әкімінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 7 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-169 тіркелген, 2018 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарғалы ауданының әкімі А. ДЖУСИБАЛИЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады