Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 24.02.2021 № 30 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағы 8-1) тармақшасына, 62 бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 360 "Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6023 тіркелген, 2019 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
3. "Қарғалы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Төлегеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауданының әкімі |
А. ДЖУСИБАЛИЕВ |
Қарғалы ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы 31 желтоқсаны | |
№ 237 | |
қаулысына қосымша |
Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 17.08.2020 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы (кенті, ауыл) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ананың бір күндік төлемақы мөлшері (теңге) | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Қосестек ауылы | Қарғалы ауданының "Қос Естек ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балауса" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. | 80 | 37200 | 350 |
2 | Степное ауылы | Қарғалы ауданы "Степной ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 37200 | 350 |
3 | Бадамша ауылы | Қарғалы ауданының "Бадамша ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 172 | 37200 | 450 |
4 | Бадамша ауылы | Қарғалы ауданының "Бадамша ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 85 | 37200 | 450 |
5 | Петропавл ауылы | Қарғалы ауданының "Желтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бәйтерек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 138 | 37200 | 400 |
6 | Ш. Қалдаяқов ауылы | Қарғалы ауданының "Желтау ауылдық округ әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 100 | 37200 | 400 |