Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарғалы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 237 "Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6645 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
2) Қарғалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 148 "Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 237 "Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7333 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.
2. "Қарғалы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы ауданының әкімі | А. Джусибалиев |