Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 360 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 сәуірде № 6023 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 237 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 31.12.2019 № 237 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағы 8-1) тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Қарғалы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Төлегеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі А. Джусибалиев

  Қарғалы ауданы әкімдігі
  2019 жылға "26" наурыздағы № 360
  қаулысымен бекітілген

Қарғалы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

№ р/н

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы ата-ана төлемақысының бір күнге мөлшері (теңге)

Балабақша

Балабақша

Балабақша

1

Қарғалыауданының Қосестек ауылы, "Балауса" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

96

34930

350

2

Қарғалы ауданының Степной ауылы, "Ақбота" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

43

34930

350

3

Қарғалы ауданының Бадамша ауылы, "Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

172

34930

350

4

Қарғалы ауданының Бадамша ауылы, "Бадамша ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" мектепке дейінгі ұйымы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

85

34930

350

5

Қарғалы ауданының Петропавл ауылы, "Желтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Байтерек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

120

34930

350

6

Қарғалы ауданының Ш. Қалдаяков ауылы, "Желтау ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бөбек" бөбекжай-балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

106

34930

350


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады