РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Талас аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Рысбаев Сабырғали Әбдірахымбайұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Тилеубердиев |
Мәслихат хатшысы | А. Тулебаев |
Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы "14" ақпандағы № 51-3 шешіміне қосымша |
Талас аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 ақпандағы № 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2005 жылғы 18 сәуірдегі № 13-4 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-4 болып тіркелген, "Талас тынысы" газетінде 2005 жылы жарияланған);
2. "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Талас аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 30 маусымдағы № 11-13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Талас аудандық мәслихатының 2008 жылғы 8 тамыздағы № 12-3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-65 болып тіркелген, "Талас тынысы" газетінде 2008 жылы 1 қарашада жарияланған);
3. "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Талас аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 30 маусымдағы № 11-13 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 24-10 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 86 тіркелген, "Талас тынысы" газетінде 2009 жылы 7 қарашада жарияланған);
4. "Талас ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 36-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Талас аудандық мәслихатының 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 45-5 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-124 тіркелген, "Талас тынысы" газетінде 2011 жылы 05 қазанда жарияланған).