"Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Талас аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 30 маусымдағы N 11-13 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2008 жылғы 08 тамыздағы N 12-3 Шешімі. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 04 қыркүйекте N 65 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 51-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 14.02.2019 № 51-3 шешімімен. Орыс тілінде мәтіні жоқ болып табылады мемлекеттік тілінде мәтінге қараныз (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Талас аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 30 маусымдағы № 11-13 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6-10-62 болып тіркелген, 2008 жылғы 6 тамызында № 64 аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған шешіммен бекітілген табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Тәртібінің:

      атауында:

      "көрсету" деген сөз "көрсетудің мөлшері мен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 тармағында:

      "арқылы" деген сөзден кейін "қала және" деген сөздермен толықтырылсын;

      3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан аспайтын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) беріледі";

      5 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Табысы аз отбасыларына тұрғын жайларын ұстау үшін (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) әр отбасына жетпіс айлық есептік көрсеткіш көлемінде жылына бір рет және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін әр отбасына (азаматтарға) жылу берілмейтін кезеңде он айлық есептік көрсеткіш көлемінде, ал жылу берілетін кезеңде жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде тоқсанына бір рет көрсетіледі".

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талас аудандық мәслихаттың
      ХVІI сессиясының төрағасы Р. Сейдалиев
      Талас аудандық
      мәслихатының хатшысы: Ж. Әсемов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады