Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 2 ақпандағы N 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Талас аудандық мәслихатының 2005 жылғы 18 сәуірінде N 13-4 шешімі. Талас аудандық әділет басқармасында 2005 жылғы 6 мамырында 4 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 51-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 14.02.2019 № 51-3 шешімімен. Орыс тілінде мәтіні жоқ болып табылады мемлекеттік тілінде мәтінге қараныз (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, 1999 жылғы 16 қарашадағы N 476-1 "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 2 ақпандағы N 3-6 "Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы" (Жамбыл облыстық Әділет Департаментінде N 1205 болып тіркелген, "Талас тынысы" газетінің 2004 жылғы 28 ақпандағы N 13 санында жарияланған) шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау тәртібі туралы Ережеде:

      1 тарауда:

      1 тармақта "Заңдарына" деген сөзден кейін "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына" деген сөздермен толықтырылсын;

      3 тармақта "коммуналдық" деген сөздің алдында "Қалалық телекоммуникациялық желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс және" деген сөздермен толықтырылсын;

      6 тарау 21 тармағымен толықтырылсын:

      "21. Телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік төлемнің арттырылуына өтемақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес жүзеге асырылады."

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, бюджет, жергілікті салық және қала шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Аудандық мәслихаттың
      ХIІІ-сессиясының төрағасы: Р. Сейдалиев
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы: Т. Несіпбай
      Келісілді:
      Талас аудандық
      Телекоммуникация
      торабының бастығы Дүйсебаев Бақытжан Бейсенбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады