Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 03.11.2023 № 8/71 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2519 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (12115) "Балқаш өңірі", 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (1188) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, 2014 жылдың 31 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларының 10 тармағында:
8) тармақша жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"8) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
саяси қуғын - сүргіндер құрбандары және саяси қуғын - сүргіндерден зардап шеккен адамдарға;
Балқаш қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларына;";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) 6 шілде - Астана күні мерекесіне:
Балқаш қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларына.";
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Морозов |
Қалалық мәслихат хатшысы | К. Тейлянов |