Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 03.11.2023 № 8/71 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 24/176 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2519 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (12115) "Балқаш өңірі", 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 9 (1188) "Северное Прибалхашье" газеттерінде, 2014 жылдың 31 қаңтарында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларында:
2 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";
10 тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"4) 7 мамыр - Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күні мерекесіне:
бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде);
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға;
1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге;
әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдарға;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;";
10 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"6) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне:
1, 2, 3 топтардағы мүгедектеріне және мүгедек балаларға;";
10 тармағы келесі мазмұндағы 8-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"8-1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні мерекесіне:
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған жұмысшылар мен қызметшiлер;
Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде мүгедек болған әскери қызметшiлер;
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғаныстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер;";
10 тармағы келесі мазмұндағы 8-2) тармақшасымен толықтырылсын:
"8-2) 1 қазан - Қарттар күні мерекесіне:
жетпіс жасқа келген және одан асқан тұлғаларға;";
11 тармағы келесі мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:
"8) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар, босап шыққаннан күннен бастап үш айдан кеш емес уақытта жүгінетін болса.";
17 тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Пшенбаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | К. Тейлянов |