Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 18.09.2024 № 64/1 қаулысымен (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саран қаласының Кешенді мектеп – бөбекжай "Бахыт" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі | Е. Темирханов |
Саран қаласы әкімдігінің | |
2019 жылғы "___" ______ | |
№ ___ қаулысына қосымша |
Саран қаласының Кешенді мектеп – бөбекжай "Бахыт" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Ұйым атауы | Оқушылар саны | Бір жылға бір оқушыға орта білім беруге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) 1-4 сыныптар |
1 | Кешенді мектеп – бөбекжай "Бахыт" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 30 | 186 121 |