Саран қаласының Кешенді мектеп – бөбекжай "Бахыт" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 34/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 тамызда № 5431 болып тіркелді

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Саран қаласының Кешенді мектеп – бөбекжай "Бахыт" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Серикович Оспановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі Е. Темирханов

  Саран қаласы әкімдігінің
  2019 жылғы "___" ______
  № ___ қаулысына қосымша

Саран қаласының Кешенді мектеп – бөбекжай "Бахыт" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

Ұйым атауы

Оқушылар саны

Бір жылға бір оқушыға орта білім беруге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) 1-4 сыныптар

1

Кешенді мектеп – бөбекжай "Бахыт" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

30

186 121


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады