"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Саран қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі | Е. Баулыков |
Саран қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 64/1 қаулысына қосымша |
Саран қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өткізетін білім беру қызметтеріне бағалар бекіту туралы" Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 18 ақпандағы № 08/02 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5200 болып тіркелген).
2. "Саран қаласының Кешенді мектеп – бөбекжай "Бахыт" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 5 тамыздағы № 34/01 қаулысы. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5431 болып тіркелген).
3. "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы" Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 4 наурыздағы № 11/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5212 болып тіркелген).