Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына, сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 53/01 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 қаңтардағы электрондық түрдегі, 2018 жылғы 12 қаңтардағы "Шахтинский вестник" № 2 газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 05.03.2020 № 11/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қала әкімі | С. Аймаков |
Шахтинск қаласының әкімі 2019 жылғы 30 желтоқсаны № 55/01 қаулысына қосымша |
Шахтинск қаласының және іргелес кенттердің жайылым айналым схемасы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 06.12.2021 № 66/06 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).