Шахтинск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 55/01 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы № 11/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 наурызда № 5739 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5663 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 13 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізсін:

      3-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі С. Аймаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады