Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 55/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 5663 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына, сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 53/01 "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4516 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 қаңтардағы электрондық түрдегі, 2018 жылғы 12 қаңтардағы "Шахтинский вестник" № 2 газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 05.03.2020 № 11/01 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қала әкімі С. Аймаков

  Шахтинск қаласының әкімі
2019 жылғы 30 желтоқсаны
№ 55/01 қаулысына қосымша

Шахтинск қаласының және іргелес кенттердің жайылым айналым схемасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 06.12.2021 № 66/06 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады