Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 4 "Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-11-69 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 ақпанда № 6 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) шешімі;
Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2011 жылғы 13 сәуірде № 5 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 қаңтардағы 11 сессиясының "Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" №4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-11-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 маусымда № 22 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Сессия төрағасы | Г. Хомутова |
Мәслихат хатшысы | А. Әли |