Бұқар жырау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы 36 сессиясының № 8 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 сәуірде № 5276 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы", 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

      Бұқар жырау аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2009 жылғы 14 қаңтардағы № 4 "Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-11-69 болып тіркелген, 2009 жылғы 14 ақпанда № 6 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) шешімі;

      Бұқар жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2011 жылғы 13 сәуірде № 5 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 қаңтардағы 11 сессиясының "Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" №4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-11-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 маусымда № 22 "Сарыарқа" газетінде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Сессия төрағасы Г. Хомутова
      Мәслихат хатшысы А. Әли

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады