Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 11 сессиясының 2009 жылғы 14 қаңтардағы N 4 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 02 ақпанда N 8-11-69 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы 36 сессиясының № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 28.03.2019 36 сессиясының № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" Кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшері белгіленсін.

      2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 маусымдағы 39 сессиясының "Бұқар жырау ауданы аумағында тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" N 7 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-39 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2007 жылғы 28 шілдедегі N 30 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 3 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 2011.04.13 N 5 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Сессия төрағасының


міндеттерін атқарушы,


Мәслихат хатшысы

А. ЖҮНІСПЕКОВ


  Бұқар жырау
аудандық Мәслихатының
2009 жылғы 14 қаңтардағы
11 сессиясының N 4
шешіміне
қосымша

Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшері

Рет N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері (айына салық салу объектісінің бірлігіне айлық есептік көрсеткіші)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

6

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

9

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

3

4

Ойын жолы

55

5

Карт

6

6

Бильярд үстелі

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады