Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 24.08.2020 № 457 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы азаматтарының жекеленген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 27-сессиясының төрағасы |
Ш. Әбдікәрімов |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
Н. Байқадамов |
Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы "7" ақпандағы № 300 шешіміне 1-қосымша |
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін берілетін дәрілік заттар
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облыстық мәслихатының 16.10.2019 № 357 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Аббревиатураның толық жазылуы:
мг - миллиграмм;
мл - миллилитр;
мкг - микрограмм;
% - пайыз;
гр - грамм.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы "7" ақпандағы №300 шешіміне 2-қосымша |
Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5404 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде, 2016 жылғы 21 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 55 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5603 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 19 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 24 қыркүйекте "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған);
3. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 қазандағы № 144 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6014 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 қарашада жарияланған);
4. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 181 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6183 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 наурызда жарияланған);
5. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 190 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6262 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 сәуірде жарияланған).