"Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 181 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 наурызда № 6183 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 300 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.02.2019 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5404 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде, 2016 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезектен тыс 18-сессиясының төрағасы,
облыстық мәслихат хатшысы
Н. Байқадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы "12" ақпандағы № 181 шешіміне қосымша
  Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін берілетін дәрілік заттар

Ауру түрі

Халық санаты

Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)

Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны)

1

Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

- Тобрамицин (сыртқы нысан) 300 мг/5мг
- Ацетилцистеин 100мг, 200 мг
- Ортатізбелі триглициридтері бар толыққанды құнарлы қоспа. (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді зонд ретінде қолдануға арналған. 3-жастан жоғары балаларға және ересектерге тағайындалады)

2

Идиопатикалық және екіншілік
өкпе артериясының гипертензиясы

 
II, III, IV сатысы

- Силденафил 25 мг, 50 мг
- Бозентан 125 мг

3

Аяқтың эмболиясы және тромбозы

Басқа антикоагулянттық дәрі-дәрмектерді қолдану мүмкін болмағанда

- Ривароксабан 10 мг, 20 мг
- Эноксапарин Натрия 0,6 мг

4

Ювенильді идиопатиялық артрит

Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты генді-инженерлік биологиялық препаратты ем ретінде қолдану

- Адалимубаб, инъекцияға арналған ерітінді
40 мг/0,8 мл

5

Буллезды эпидермолиз

Өмір сүру ұзақтығын және өмір сапасын жақсарту

- Таңып-байлау материалдары

6

Бехчет ауруы

- - Альфа-Инфликсимаб 100 мг

7

Целиакия

Ағзадағы туа біткен фермент жетіспеушілігінің орнын ауыстырушы препараты

- Креон 25мг/50 шт

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      мг - миллиграмм

      мл - миллилитр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады