"Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 55 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қыркүйекте № 5603 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 300 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.02.2019 № 300 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 347 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5404 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық Қызылорда облыстық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихатының
      6 сессиясының төрағасы хатшысы
      І. Тілеп Н. Байқадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 55 шешіміне қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар

Ауру түрі

Халық санаты

Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)

Дәрілік заттың атауы (шығару нысаны)

1
 

Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)
 

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Ауырлық дәрежесіне қарамастан барлық түрі
 

- Тобрамицин (сыртқы нысан) 300 мг/5мг
- Ацетилцистеин 100 мг
- ортатізбелі триглициридтері бар толыққанды құнарлы қоспа. (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді зонд ретінде қолдануға арналған. 3-жастан жоғары балаларға және ересектерге тағайындалады)
 

2

Идиопатикалық өкпе артериясының гипертензиясы

II, III, IV сатысы

- Силденафил 50 мг
- Бозентан 125 мг
 

3

Аяқтың эмболиясы және тромбозы

Басқа антикоагулянттық дәрі-дәрмектерді қолдану мүмкін болмағанда

- Ривароксабан 10 мг

      Аббревиатураның толық жазылуы:
      мг – миллиграмм

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады