Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы

Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 310 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 сәуірде № 6775 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 457 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 24.08.2020 № 457 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын.

      2. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының, "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының және (немесе) "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Көп бейінді облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқоңыр қаласындағы филиалының медициналық көрсеткіштері бойынша дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның емделуге, кеңес беруге және (немесе) диагностикаға бару-қайту жол ақысын:

      1) әуе көлігімен немесе теміржол көлігімен (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист", "Бизнес" және "Тұлпар-Тальго" класты вагондарымен) жүрген кезде - теміржол көлігінің стандартты купелі вагонының бір билетінің нақты құны мөлшерінде;

      2) темір жол көлігінің стандартты купелі немесе плацкарт вагондары мен қалааралық автомобиль көлігімен жүрген кезде - оның бір билетінің нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізіледі.

      3. Қызылорда облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 346 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5405 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде, 2016 жылғы 21 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 346 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 182 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6184 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезекті 29-сессиясының төрағасы
Ш. Әбдікәрімов
      Қызылорда облыстық мәслихатының
хатшысы
Н. Байқадамов

О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Решение Кызылординского областного маслихата от 19 апреля 2019 года № 310. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 22 апреля 2019 года № 6775. Утратило силу решением Кызылординского областного маслихата от 24 августа 2020 года № 457

      Сноска. Утратило силу решением Кызылординского областного маслихата от 24.08.2020 № 457 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) пункта 1 статьи 9 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" Кызылординский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств.

      2. Возмещение стоимости проезда в оба конца больного и лица сопровождающего на лечение, консультации и (или) диагностики производится при наличии справки врачебно-консультативной комиссии по медицинским показаниям государственным учреждением "Управление здравоохранения Кызылординской области", коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Кызылординский областной консультативно-диагностический центр" управления здравоохранения Кызылординской области", коммунальное государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Кызылординский областной онкологический центр" управления здравоохранения Кызылординской области" и (или) филиала коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Многопрофильная областная больница" управления здравоохранения Кызылординской области в городе Байконур:

      1) в пути следования на воздушном или железнодорожном транспорте (в вагонах с двухместными купе с нижним расположением мягких диванов, мягкими креслами для сидения с устройством по регулированию его положения (СВ), а также классов "Турист", "Бизнес" и "Тулпар-Тальго" скоростных поездов) - в размере фактической стоимости одного билета на стандартном железнодорожном транспорте купейного вагона;

      2) на стандартном железнодорожном транспорте купейного или плацкартного вагона и на междугородном автомобильном транспорте возмещение производится в размере фактической его стоимости одного билета.

      3. Признать утратившими силу следующие решения Кызылординского областного маслихата:

      1) решение Кызылординского областного маслихата от 10 февраля 2016 года № 346 "О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5405, опубликовано 22 марта 2016 года в газетах "Сыр бойы" и "Кызылординские вести", информационно-правовой системе "Әділет" от 21 апреля 2016 года);

      2) решение Кызылординского областного маслихата от 12 февраля 2018 года № 182 "О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 10 февраля 2016 года № 346 "О предоставлении бесплатного или льготного проезда гражданам, проживающим в Кызылординской области, за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6184, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан от 13 марта 2018 года).

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель очередной 29 сессии
Кызылординского областного маслихата
Ш. Абдикаримов
      Секретарь Кызылординского областного
маслихата
Н. Байкадамов