Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 24.08.2020 № 457 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын.
2. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының, "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық онкологиялық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының және (немесе) "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Көп бейінді облыстық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Байқоңыр қаласындағы филиалының медициналық көрсеткіштері бойынша дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның емделуге, кеңес беруге және (немесе) диагностикаға бару-қайту жол ақысын:
1) әуе көлігімен немесе теміржол көлігімен (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист", "Бизнес" және "Тұлпар-Тальго" класты вагондарымен) жүрген кезде - теміржол көлігінің стандартты купелі вагонының бір билетінің нақты құны мөлшерінде;
2) темір жол көлігінің стандартты купелі немесе плацкарт вагондары мен қалааралық автомобиль көлігімен жүрген кезде - оның бір билетінің нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізіледі.
3. Қызылорда облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 346 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5405 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде, 2016 жылғы 21 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 346 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 ақпандағы № 182 шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6184 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған).
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 29-сессиясының төрағасы |
Ш. Әбдікәрімов |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы |
Н. Байқадамов |