Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 19.04.2019 № 310 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 346 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5405 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде, 2016 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің және (немесе) "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық көрсеткіштері бойынша дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның емделуге және (немесе) кеңес беруге бару-қайту жол ақысын:".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 18-сессиясының төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы |
Н. Байқадамов |