Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді ұсыну туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 346 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 5405 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 310 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 19.04.2019 № 310 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын.
      2. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің және (немесе) "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық көрсеткіштері бойынша дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының анықтамасы болған жағдайда науқастың және оны ертіп баратын тұлғаның емделуге және (немесе) кеңес беруге бару-қайту жол ақысын:
      1) әуе көлігімен немесе теміржол көлігінің (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар екі орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың "Турист" және "Бизнес" класты) вагондарымен жүрген кезде – теміржол көлігінің купелі вагонының бір билетінің нақты құны мөлшерінде;
      2) темір жол көлігінің купелі вагоны, плацкарт вагоны мен қалааралық автомобиль көлігімен жүрген кезде – оның бір билетінің нақты құны мөлшерінде өтеу жүргізіледі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облыстық мәслихатының 12.02.2018 № 182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. "Қызылорда облысында тұратын азаматтардың елді мекен шегінен тыс жерлерге емделу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 8 шілдедегі № 236 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4256 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" газетінде 2010 жылғы 2 қыркүйекте және облыстық "Кызылординские вести" газетінде 2010 жылғы 4 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық Қызылорда облыстық
      мәслихатының кезектен тыс мәслихаты хатшысының
      44 сессиясының төрағасы уақытша міндетін атқарушы
      М. Кәрім Қ. Бисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады