Тапсырыс берушілер үшін бiрыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 12470 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қаңтарда № 6651 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 17297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 05.02.2021 № 17297 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.

      2. Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады