Ескерту. Қызылорда қалалық мәслихатының 26.03.2020 № 315-58/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берiлiп отырған әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы №250-45/2 шешiмiмен бекiтiлген |
Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидалары
1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекiтiлген әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) арнайы комиссия - өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер азаматтың (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша қала әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетi Қызылорда облысының Статистика департаментi" республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) - Қызылорда қаласының әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде Қызылорда қаласының аумағында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрi - ЖАО);
5) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
7) өмiрлiк қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң "Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
9) уәкiлеттi ұйым - "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы;
10) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген азаматтардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн кент, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
11) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi - алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
4. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi
5. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының, әлеуметтiк көмек көрсету үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбесi, сондай-ақ әлеуметтiк көмек көрсетудiң еселiгi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi:
1) 9 мамыр - Жеңiс күнiне орай:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 40 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жылына бiр рет;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға - 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жылына бiр рет;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына:
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдар, сондай -ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталмаған адамдарға - 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жылына бiр рет;
2) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнiне орай:
саяси қуғын-сүргiн құрбандарына, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға - 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жылына бiр рет;
3) 15 ақпан - Ауғанстан аумағынан совет әскерлерiн шығару күнiне орай:
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестiрiлген адамдар, оның iшiнде басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларына, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде);
жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;
Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы
КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге - 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жылына бiр рет және материалдық көмек ретiнде бiржолғы 40 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар, оның iшiнде: бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер, әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының және iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар - 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жылына бiр рет және материалдық көмек ретiнде бiржолғы 40 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
4) 26 сәуiр - Чернобыль АЭС-iндегi апатқа ұшырағандарды еске алу күнiне орай:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға - 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жылына бiр рет;
5) 29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы iс-қимыл күнiне орай:
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға - 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жылына бiр рет.
6. Әлеуметтік қолдау ретінде әлеуметтік көмекті алушылардың санаттары:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерiне, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - 40 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жылына бiр рет;
2) атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын (оқу жылы кезеңінде) көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей, уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда қалалық мәслихатының 25.02.2020 № 309-57/1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).7. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде алушылар санатының тiзбесi мен әлеуметтiк көмектiң шектi шамалары:
1) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне келген зардабын жоюға - бiр рет, өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнің екі еселенген мөлшерінен аспайтын, әрбiр отбасы мүшесiне 40 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн, бiрақ бiр отбасына 150 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес;
2) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудiң сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға - ай сайын 10 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес;
3) гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен ауыратын диспансерлiк есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкiлдерiне - ай сайын 7,6 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес;
4) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Қызылорда облысы бойынша ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына тұрмыстық қажеттiлiктерге әлеуметтiк көмек, жылына бiр рет - шектi шама 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде көрсетiледi;
5) азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер негiз болуы мүмкiн.
8. Балалар үйiнiң түлектерiне (интернат үйiнiң тәрбиеленушiлерi), сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң үш еселенген мөлшерiнен аспайтын отбасынан шыққан:
бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балаларға;
ата- анасының екеуi де зейнеткер болып табылатын балаларға;
ата-анасының бiреуi немесе екеуi де мүгедек болып табылатын балаларға;
асыраушысынан айрылған балаларға;
көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;
оралман отбасылардан шыққан балаларға;
жетiм балаларға;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға.
Жан басына шаққандағы орташа табысы Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңында белгiленген ең төменгi күнкөрiс денгейiнiң аспайтын аз қамтылған отбасылардан шыққан, өңiрге қажет мамандықтар бойынша күндiзгi оқыту нысаны бойынша бiлiм алатын балаларға:
колледж және жалпы бiлiм беретiн мектептен кейiн "Бакалавр" академиялық дәрежесiн алу үшiн - жылына бiр рет, 392 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес;
жоғарғы оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламалары бойынша ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған "Магистр" академиялық дәрежесiн алу үшiн - 420 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес;
Қазақстан Республикасының медициналық бiлiм және ғылым ұйымдарында резидентурада медицина кадрларын даярлау үшiн - жылына бiр рет, 530 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде әлеуметтiк көмек тағайындалады.
9. Әлеуметтiк көмек алуға үмiткерлер уәкiлеттi органға қажеттi құжаттарды тиiстi жылдың 25 тамызына (қоса алғанда) дейiн ұсынады.
10. Әлеуметтiк көмектi тағайындағаннан кейiн уәкiлеттi орган және әлеуметтiк көмектi алушымен бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге екі жақты шарт жасасады.
11. Әлеуметтiк көмек алушы ақшалай қаражаттар түскеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде оқуға төлемақы жүргiзедi және уәкiлеттi органға төлеу туралы түбiртектi ұсынады.
12. Келесi оқу жылдарға әлеуметтiк көмек жыл сайын тиiстi оқу жылының басында төленедi.
13. Әлеуметтiк көмек алушы себепсiз, жүйелi түрде оқуға қатыспағаны немесе үлгiрiмi төмен болуына байланысты жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда, оқуға төленген соммалары жергiлiктi бюджетке ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтарылады.
14. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
15. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
3) Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтердi;
4) азаматтың (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
Бұл ретте, табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде, азамат (отбасы) уәкiлеттi органға немесе кент, ауылдық округтың әкiмiне, өмiрлiк қиын жағдай туындаған сәттен бастап үш ай мерзiмiнен кешiктiрмей өтiнiш бiлдiредi.
17. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын азаматтың (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
19. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидалардың 2, 3қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша азаматтың (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, азаматтың (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауылдық округ әкiмiне жiбередi. Кент, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
22. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
25. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда - негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
4. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту, көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
26. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi азаматтың (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Қызылорда қалалық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
27. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5. Әлеуметтiк көмектi төлеу және қаржыландыру
29. Әлеуметтiк көмек екiншi деңгейдегi банктердегi және банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы алушылардың жеке шоттарына ақшалай сомаларды аудару жолымен жүргiзiледi.
30. Әлеуметтiк көмек тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң өзгерiсiн ескере отырып төленедi.
31.Әлеуметтiк көмек беруге шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
6. Қорытынды ереже
32. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.
Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларына 1-қосымша |
Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты отбасының (азаматтың) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТIСI
20___жылғы "___" ____________________________________ (елдi мекен)
1. Өтiнiш иесiнiң Т.А.Ә. _________________________________
2. Тұратын мекенжайы _________________________________
3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк қиын жағдай __________________________________
4. Отбасының құрамы (отбасында нақты тұратындар ескерiледi) _________ адам, оның iшiнде:
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күнi | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқуорны) | Жұмыспен қамтылмау себебi | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайтадаярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер | Өмiрлiк қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы __________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi ____ адам.
Балалардың саны: ____________________________жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар ______ адам,
оқу құны жылына теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғыс мүгедектерiне теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлi iсiктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек) _____________________________.
Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек): ____________________________________________________
Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар: ____________________________________________________ ____________________________________________________ ____________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә. | Табыс түрi | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқышаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәлiметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың: автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс) ____________________________________________________ қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс) _____________________________________________________
Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi): _____________________________________________________ _____________________________________________________
8. Отбасыныңөзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi): _____________________________________________________ _____________________________________________________ _____________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен қамтамасыз етiлуi _____________________________________
10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____________________________________________________
Комиссия төрағасы: _________________________ _____________________
Комиссия мүшелерi:
________________________ ______________________
________________________ ______________________
________________________ ______________________
________________________ ______________________
(қолдары ) (Т.А.Ә.)
Жасалған актiмен таныстым: ______________________________ Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргiзiлуден бас тартамын ___________________ өтiнiш берушiнiң (немесе отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң) Т.А.Ә. және қолы,
күнi _____________________________________________________________ (өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады).
Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларына 2-қосымша |
Учаскелiк комиссияның № ____ қорытындысы
20____ жылғы "__" _________ Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген азаматтың (отбасының) _____________________________________________________ (өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты) өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде _____________________________________________________ (қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы) азаматқа (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ ________________
Комиссия мүшелерi:
__________________ ________________
__________________ ________________
__________________ ________________
__________________ ________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды қоса берiлген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________ қабылданды құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң немесе уәкiлеттi орган қызметкерiнiң Т.А.Ә., лауазымы, қолы_____________________
Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындауҚағидаларына 3-қосымша |
Отбасының тiркеу нөмiрi ____________
Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер
_______________________________ _________________________
(Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекен жайы, телефон)
Р/с № | Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтiнiш берушiнiң қолы _____________
Күнi ______________
Отбасының құрамы туралы мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________ (қолы)
Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 250-45/2 шешiмiне қосымша |
Қызылорда қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. "Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 106-16/4 шешiмi (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде №5981 тiркелген, 2017 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiсiнде жарияланған);
2. "Әлеуметтік көмек көрсету, оныі мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы"Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №106-16/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы № 115-17/7 шешімі (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде №6025 тiркелген, 2017 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiсiнде жарияланған);
3. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы"Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі №106-16/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 ақпандағы № 213-36/2 шешімінің (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде №6697 тiркелген, 2019 жылғы 26 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiсiнде жарияланған).