Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 23.08.2019 № 250-45/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 23 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 106-16/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5981 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2-тармақтың 8), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын Қызылорда қаласы әкімдігінің "Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы";
5-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы, жетінші абзацтарындағы "30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет" деген сөздерден кейін "және материалдық көмек ретінде біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.