Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 23.08.2019 № 250-45/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № 106-16/4 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 4 қазанда № 5981 тіркелген, 2017 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасындағы 8-тармағының 3 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"колледж және жалпы білім беретін мектептен кейін "Бакалавр" академиялық дәрежесін алу үшін – жылына бір рет, 392 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.