"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 19-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6696 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі | М. УРАЗБАЕВ |
Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "17" қыркүйектегі № 130-қ қаулысына қосымша |
|
Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "14" ақпандағы № 19-қ қаулысына 2 қосымша |
2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыс-керлердің тізімдік саны (адам) | Квота көлемі (% жұмыс-керлердің тізімдік санынан) | Бас бостан-дығынан айыру орын-дарынан боса-тылған адамдар үшін жұмыс орын-дарының саны, (адам) |
1 | "Арал құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 56 | 4 % | 2 |
2 | "Арал" "Сервистік дайындау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 4 % | 2 |