2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 19-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 ақпанда № 6696 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына және "Құқық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квоталар осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 95-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5888 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 95-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 321-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6300 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 5 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Р. Өтешов

  Арал ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "14" ақпандағы
№ 19-қ қаулысына 1 қосымша

2019 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны, (адам)

1

"Құланды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2%

1

  Арал ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "14" ақпандағы
№ 19-қ қаулысына 2 қосымша

2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 17.09.2019 № 130-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

Ұйым атауы

Жұмыс-керлердің тізімдік саны (адам)

Квота көлемі (% жұмыс-керлердің тізімдік санынан)

Бас бостан-дығынан айыру орын-дарынан боса-тылған адамдар үшін жұмыс орын-дарының саны, (адам)

1

"Арал құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

4 %

2

2

"Арал" "Сервистік дайындау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

4 %

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады