"2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 19-қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 17 қыркүйектегі № 130-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 қыркүйекте № 6917 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 19-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6696 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі М. УРАЗБАЕВ

  Арал ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "17" қыркүйектегі
№ 130-қ қаулысына қосымша
  Арал ауданы әкімдігінің
2019 жылғы "14" ақпандағы
№ 19-қ қаулысына 2 қосымша

2019 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйым атауы

Жұмыс-керлердің тізімдік саны (адам)

Квота көлемі (% жұмыс-керлердің тізімдік санынан)

Бас бостан-дығынан айыру орын-дарынан боса-тылған адамдар үшін жұмыс орын-дарының саны, (адам)

1

"Арал құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

4 %

2

2

"Арал" "Сервистік дайындау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

4 %

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады