“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 31 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4910 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2015 жылғы 30 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасымен белгіленген барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарында:
реттік нөмірі 2-қатар жаңа редакцияда жазылсын:
“
2 | Жалағаш кенті | “Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Жалағаш аудандық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд |
”.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |
“КЕЛІСІЛДІ” Жалағаш аудандық сайлау комиссиясымен 8 мамыр 2019 жыл |