“Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №31 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 85 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 6793 болып тіркелді

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 31 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4910 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2015 жылғы 30 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасымен белгіленген барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарында:

      реттік нөмірі 2-қатар жаңа редакцияда жазылсын:

      “

2

Жалағаш кенті

“Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Жалағаш аудандық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

      ”.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев
     
      “КЕЛІСІЛДІ”
Жалағаш аудандық сайлау
комиссиясымен
8 мамыр 2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады