Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 31 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 наурызда № 4910 болып тіркелді.

      “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Жалағаш аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Кент және ауылдық округ әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жабдықтасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімдігінің “Жалағаш ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш.Қалыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев
      “КЕЛІСІЛГЕН”
      Жалағаш аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      _______________ С.Әлиев
      “2” наурыз 2015 жыл

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
  2015 жылғы 2 наурыздағы
  № 31 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 14.11.2018 № 263; өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 16.09.2019 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2021 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

2

3

1

Жалағаш кенті

“Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің Қонысбек Қазантаев атындағы мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

2

Жалағаш кенті

“Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Жалағаш аудандық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

3

Жалағаш кенті

“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

4

Жалағаш кенті

“Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№202 Зейнолла Жарқынбаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

5

Жалағаш кенті

Орталық алаңдағы стенд

6

Ақсу ауылы

“Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының Ақсу ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

7

М.Шәменов ауылы

“М.Шәменов атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

8

Қаракеткен ауылы

“Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Қаракеткен ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

9

Далдабай ауылы

“Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Далдабай ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

10

Бұқарбай батыр ауылы

“Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

11

Аққұм ауылы

“Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының Аққұм ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

12

Таң ауылы

Жалағаш ауданы әкімдігінің “Таң ауылдық округі әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

13

Жаңақоныс ауылы

Медициналық пункт ғимаратының жанындағы стенд

14

Еңбек ауылы

“Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының Аққошқар ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

15

Есет батыр ауылы

“Аламесек ауылдық округі әкімі аппаратының Есет батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

16

Жаңадария ауылы

“Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№203 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

17

Мырзабай ахун ауылы

“Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№122 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд

18

Мәдениет ауылы

“Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының Мәдениет ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

19

Т.Жүргенов ауылы

“Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының Темірбек Жүргенов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

20

Жаңаталап ауылы

“Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының Жаңаталап ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанындағы стенд

21

Аққыр ауылы

“Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің “№188 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады