Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 19.04.2021 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6654 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
“Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағының 5) тармақшасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12590 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:”.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |