“Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы №3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 103 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 маусымда № 6813 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 84 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 19.04.2021 № 84 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 3 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6654 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      “Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағының 5) тармақшасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12590 болып тіркелген) сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:”.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады