Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 05.12.2019 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 101-бабының 7) тармақшасына сәйкес және “Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы” мемлекеттік мекемесінің басшысының 2019 жылғы 17 маусымдағы № 282 ұсынуы негізінде, Таң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Таң ауылдық округінің аумағында мүйізді ірі қара және ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты Таң ауылы мен Жаңақоныс елді мекенінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Таң ауылдық округінің әкімі | А.К.Байнахатов |