Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 18 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 5 желтоқсанда № 7006 болып тіркелді

      “Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және “Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы” мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық испекторының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 504 ұсынысы негізінде, Таң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округі аумағында мүйізді ірі қара және ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты Таң ауылы мен Жаңақоныс елді мекенінде белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. “Шектеу iс-шараларын белгілеу туралы” Таң ауылдық округi әкімінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 12 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6894 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Таң ауылдық округі әкімі А. Байнахатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады