Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 12 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 тамызда № 6894 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 05.12.2019 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Ветеринария туралы” Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 101-бабының 7) тармақшасына сәйкес және “Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы” мемлекеттік мекемесінің басшысының 2019 жылғы 17 маусымдағы № 282 ұсынуы негізінде, Таң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Таң ауылдық округінің аумағында мүйізді ірі қара және ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты Таң ауылы мен Жаңақоныс елді мекенінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Таң ауылдық округінің әкімі А.К.Байнахатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады