Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 10.07.2020 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жаңақорған ауданында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн бекіту туралы" Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 680 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6576 болып тіркелген, 2019 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасындағы үшінші бағана атауы "Елді мекеннің атауы" "Салық салу объектісінің орналасқан жері" болып ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.